Таңдаулы жаңалықтар:

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАНДЫ

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов қоғамдық көліктің карантин кезеңіндегі жағдайын бақылау мақсатында бақылау тексеру қызметі мамандарымен бірге мониторинг жүргізді.

Карантин талаптарына сәйкес қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеттелгендіктен және қоғамдық көлік адам көп шоғырланатын орын болғандықтан бақылау қызметі мамандары және кондукторлар автобустарда бетперде тарқатып, ескерту жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қоса айта кететін тағы бір жағдай қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде күніне 2 рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Күн сайын бақылау қызметі мамандары мониторинг уақытында демеушілер есебінен маскасы жоқ жолаушыларға маска тарқатуда.