Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

 

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының Сайлауалды штабы өзінің ашылған уақытынан бері көптеген жұмыстар атқарды. Штабтың ашылуы салтанатты рәсімге ұласты.  Шараға штаб мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Штаб төраймы Ахметова Анар Садыққызы: «Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз-«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» — ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктірушісі мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл –жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану-деп өз сөзін қорытты.

Сөз алған штаб мүшесі Тілеубеков Ерғали Өтемісұлы: « Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз» — деп кандидаттарды сайлау науқанында белсене атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бегалиев Керімқұл Мамырұлы: «Штаб мүшелеріне белсенділік, сәттілік тілеп, Сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *