Таңдаулы жаңалықтар:

ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ МЕДИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ - Zau.kz

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы және “Оңтүстік жастары” қоғамдық қоры ұйымдастыруымен «Қиын өмірлік жағдайлардағы медиация қызметін жүзеге асыру» жобасы аясында семинар-тренинг өтті.

Семинар тренингтің мақсаты қиын өмірлік жағдайлардағы медиация тақырыбында сөз қозғау. Сонымен қатар тренинг барысында жастарға түрлі мотивация беру.Семинар-тренингке спикер»Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ президенті, «HALYQ MEDIATORY” газеті мен сайтының директоры Нұрбала Алтынқанқызы Оразкулова және Қаратау аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Бейсебаева Айнұр Орынбекқызы қатысуымен
«Қиын өмірлік жағдайлардағы медиация қызметін жүзеге асыру» жобасы аясында семинар тренинг өтті.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі және Жоғары медицина колледжі жастары қатысты.
Аталмыш іс-шара барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.