Кітапханашылар Қордай ауданында

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Бірлік түбі–береке» атты мәдени керуенді Қордай ауданында ұйымдастырды.

Керуен барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын басты бағытқа алып,  «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде»  жобасы аясында Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Ғылым – шындық, сопылық – сұмдық. Бұл – ақиқат…»  атты әдеби постулатты аудан тұрғындарының назарына ұсынды.

Қарасу ауылындағы  мектепте өткен іс-шараға ауыл тұрғындары мен оқушылар қатысып, кітапханашыларға құрмет көрсетті. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы М.Жинақбаева сөз сөйлеп, мәдени керуен аясында ауылдарда түрлі іс-шаралар өтіп, концерттер қойылып, кино қойылымдар көрсетілетінін атап өтті.

Масаншы ауылындағы мектепте  өткен іс-шарада кітапханашылар ғұлама ғалым Әл-Фарабидің трактаттарын, өлеңдерін оқып, қойылымдар қойып, достық, бірлік, татулық жайлы әндер шырқады. Ауыл қарияларына сөз беріліп, ұлттар арасындағы достықтың маңызына тоқталды.

Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде өткен әдеби кеште ауыл тұрғындарына ғұлама ғалым, ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірінен кең мағлұмат беріліп, кітапханашылар трактаттарын орындап, К.Әзірбаев атындағы филармонияның әншілері әнмен көмкерді,  ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, зейнеткер, құрметті ұстаз Ыдырысқызы Анаркүл «Өлеңмен өрілген-өмір» кітабын Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына сыйлады.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова Қарасу, Масаншы, Әлжан ана ауылдық кітапханаларының кітап қорына  300-ден аса кітап беріп, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Жүсіп Баласағұнның 1000, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай дайындалған электронды форматтағы ақпараттық  фолдердің дискісін тарту етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru