Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Кітапханада «Әдеп кодексі – әдептілік негізі» тақырыбында ой-түйіс өтті

0 617

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен 10 желтоқсан «Халықаралық адам құқықтары» күніне орай құқықтық жауапкершілікті арттыру, Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындауға, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Әдеп кодексі – әдептілік негізі» тақырыбында ой-түйіс өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Мадиев Куат Кайратұлы қатысып, әдеп кодексінің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, дәлірек айтқанда мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды алдын алуға арналған іс-қимылдар туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар ҚР өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы туралы, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттары туралы сөз қозғалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.