Таңдаулы жаңалықтар:

Кітап – сарқылмас рухани әлем

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қала тұрғындары мен жастарды кітап оқуға баулу, жас ұрпақтың заманға сай білімді, мәдениет болып қалыптасуына ықпал тигізу, адамгершілік пен адалдық секілді асыл қасиеттерді адам бойына кітап арқылы сіңіру мақсатында «Кітап – сарқылмас рухани әлем» кітапханалық бульварын ұйымдастырды.

Іс-шараның салтанатты ашуылуында филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Оразғалиұлы сөз сөйлеп, кітаптың асыл қазына екендігін жеткізді.

Кітапхананың белсенді оқырманы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің  студенті Еркенұр Құдайберген кітапхананың оқырман талабына сай жабдықталғанын тілге тиек етіп, «Астана» көпсалалы колледжінің студенттері қазақтың ақын жырларынан шашу шашты.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар «Бір ел – бір кітап 2021»  – «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» республикалық акция аясында таңдалған 30 кітаптың CD дискілеріне жазылған QR-кодтары ұсынып, НАУРЫЗ мерекесі қарсаңында қатысушыларға қағаздан жасалған мейрам символы – бәйшешек гүлін сыйға тарту етті.

Одан кейін қатысушылар «Кемеңгерліктің 30 жылы», «Қазақ әдебиеті – ұлттық құндылық қайнары», «Бір ел – бір кітап 2021»  республикалық акция аясында таңдалған 30 кітап, Наурыз айы туғанда…», «Өткені – өнеге, бүгіні бекем, болашағы жарқын Жамбыл облысы», «Егемен елдіктің өшпес рухы» тақырыптар аясындағы ұсынылған кітап көрмелеріндегі әдебиеттермен танысып, кітапханашылардың берген жан-жақты ақпараттары көңілдерінен шығып, өз ризашылықтарын білдірді.