Таңдаулы жаңалықтар:

"КІТАП - АСЫЛ ҚАЗЫНА" АТТЫ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ | Zau.kz

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және «Энергетика және байланыс колледжінің» ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жұлдызды 30 күн» жоспары аясында «Кітап — асыл казына» атты танымдық кеш өтті.

Аталмыш кештің мақсаты кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар — ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

Шара барысында жастарды кітап оқу үлкен қазына екенін айтып, кітап оқуға шақыра отырып, Абайдың қара сөздеріне тоқталып мән-мағынасы бойынша ой — пікірлерін ортаға салды.