Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылады

Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚО-лар қызметін оңтайландыру мақсатында С.Сейфуллин көшесі, 22 ғимаратында орналасқан Сарыарқа аудандық №6 халыққа қызмет көрсету орталығы 10 маусымнан бастап өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фейсбуктегі парақшасында хабарланды.
«Біз жүргізген анализ қорытындысына сәйкес, аталмыш бөлімге келушілер санының азайғаны байқалып отыр. Оның үстіне елордалық тұрғындардың көпшілігі мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы алуды үйреніп жатыр. Астанамыздағы ХҚО санын оңтайландыру мақсатында аталмыш бөлімді тарату жөнінде шешім қабылдадық. №6 бөлімнің штаттағы 24 қызметкері мен техникалық жарақтары Нұр-Сұлтандағы қызмет алушы саны көп өзге бөлімдердің жұмысын күшейтуге бағытталады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Венера Калимова.

Елордадағы фронт-офистер мекен-жайын естеріңізге саламыз:
Есіл аудандық №1 бөлім – Мәңгілік ел даңғылы, 30;
Есіл аудандық №2 бөлім – Сауран көшесі, 7;
Алматы аудандық №4 бөлім – Тәуелсіздік даңғылы, 32;
Байқоңыр аудандық №5 бөлім – Абай даңғылы, 80;
Сарыарқа аудандық №7 бөлім — С409 көшесі, 13;
Сарыарқа аудандық №8 бөлім – Республика даңғылы, 43;
Мамандандырылған ХҚО – 20-40 көшесі, 2.
Миграциялық ХҚО – А. Иманов көшесі, 31;
Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9.00-20.00 аралығында түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *