Халықаралық ғарыш стансасындағы жұмыстарды енді роботтар атқармақ

Халықаралық ғарыш стансасындағы  жұмыстарды енді роботтар атқармақ

Халықаралық ғарыш стансасындағы кейбір қиын жұмыстарды ендігі уақытта жерден басқарылатын роботтар атқаруы мүмкін. Қазіргі таңда «NASA» ғалымдары осындай жоба дайындап жатыр.

Бұл ғарышкерлердің өмірі мен қауіпсіздігін сақтау үшін керек. Оның үстіне ғарышкерлерге дайындалатын құрал- жабдықтар үшін де арзанға түседі.

Мәселен: ғарышкерлер киетін бір скафандрдың құны 12  миллион доллар тұрады екен. Бұл өте қымбат киім. Скафандрдың салмағы өзінің бүкіл құрал- саймандарын қосқанда 90 келіге дейін тартады.

Скафандрдың қымбат болуы онда адамның өміріне қажеттінің бәрі болуымен байланысты.

Роботтар бірінші кезекте ашық космосқа шығу үшін керек. Өйткені, дәл осындай қиын жұмысты бұған дейін адамдар атқарып келді.

Яғни, бірқатар американдық және ресейлік ғарышкерлердің ашық космосқа шыққандығы белгілі.

Ол көбінесе жерден барған ғарыш кемесі автоматты түрде жанаспаған кезде жүзеге асырылады.

Адам үшін ашық космос өте қауіпті. Онда шыққан ғарышкер түрлі микроорганизмдер жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, космоста ұшып жүрген түрлі күл- қоқыспен соқтығысуы да ғажап емес. Ең бастысы ашық кеңістіктегі ауа- райы. Ол 150 градус ыстықты құрайды. Осындай кезде ғарышкерлерді скафандр ғана қорғай алады. Демек, скафандрды шын мәнісінде адам ойлап тапқан таңғажайып құрылғы деп айтуға болады.

Жалпы, қазіргі Халықаралық ғарыш стансасы 14  мемлекеттің бірігуімен миллиардтаған қаржыға жұмыс істеп тұрған жүйе.

Ол 1998 жылдан бері жерден 408  шақырым жерде қалықтап тұр. Ол күн сәулесінен қуат алады. Салмағы 417 тонна болса, ұзындығы 109 метр. Ішінде үнемі 6  косманавт жұмыс істейді.

Барлық жерден ұшырылған ғарыш кемелері осы халықаралық ғарыш стансасына барады. Ол көбіне жерден жіберілетін құрал- жабдықтарды тасиды. Осының арқасында бүгінде жер бетіндегі бүкіл ұялы телефонжар мен интернет желілері, спутниктік теледидарлар  жұмыс істеп тұр.

Тіпті, 20 миллион доллар төлеп ғарышқа ұшатын космостық туристер де осы стансаға барып қайтады.

Айбол ҚАРАШОВ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *