Таңдаулы жаңалықтар:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛУДА | Zau.kz

Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкент әуежайында бір сағатта 2000 жолаушыны өткізуге мүмкіндігі бар жаңа жолаушылар терминалының бірінші кезеңдегі құрлыс жұмыстары толығымен бітіп, екінші кезеңі 80 пайызға орындалды.

Қала әкімінің орынбасары М.Исахов жұмыс сапары барысында жаңа жолаушылар терминалындағы қарқынды құрылыс жұмыстарымен және әуежай аумағын абаттандыруға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

2020 жылы құны 912 млн. теңгені құрайтын әуежай автотұрағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілсе, бүгінгі таңда, жобалық құны 1,7 млрд. теңге тұратын жаңа кірме жол салу жұмыстары да аяқталып отыр.