Таңдаулы жаңалықтар:

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, аудармашы Берік Шаханұлының туғанына 80 жыл толуына арналған «Ертіп міндім асыл сөздің дүлділ атын» ойтолғам кеші өтті

01/04/20211min2240

Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жоба аясындағы кезекті іс-шара қазақ көркемсөзінің беделді өкілдерінің бірі, ұлт прозасының ауыр салмағын көтерісіп, қаршадай кезінен өзін әдебиеттің ыстық-суығына қатар салып келген қабырғалы қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жазушы, аудармашы Берік Шаханұлының туғанына 80 жыл толуына арналды.
Іс-шара қонақтары:
— Республикалық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел;
— ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева;
— ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев;
— Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов;
— Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, ардагер журналист, қаламгер Қалыбек Атжан;
— Филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ;
— «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Нұрақбаев Ринат Даниярұлы;
— «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мадияр Ералыұлы;
— Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының және «Саналы ұрпақ» ұйымының жетекшісі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Бекназаров Бахтияр Арманұлы;
— Жас ақын, журналист, Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі,облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы, Жамбыл облыстық «AQ JOL» газеті мәдениет және спорт бөлімінің редакторы Табиғат Абаилдаев;
— Жас ақын, облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, журналистика мамандығының 3 курс студенті Жұматай Көксубайұлы;
— Жас ақын, облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы, жас ақын, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, журналистика мамандығының 4 курс студенті Шапағат Әбдір.
Іс-шарада алғаш болып сөйлеген Республикалық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел «Парасат жолы» жобасы туралы тоқталып өтті. «Парасат жолы» — адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба. Аталған жоба аясында еліміздің барлық кітапханаларында апта сайын тұрақты түрде іс-шаралар өткізілуде.
Келесі болып сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде барша азаматтың атсалысуы маңызды екенін, әрі зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері тұрғындарды адалдыққа, әділдікке, парасаттылыққа шақыруда маңызды роль атқаратынын айтып өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов және Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, ардагер журналист, қаламгер Қалыбек Атжан Берік Шаханұлы туралы тереңінен ой қозғап, оның жазу өнері туралы өнерлі адам өресіз болмайды деп атап өтті. Бұл шын жазушының ғана қолынан келеді. Істеген іске жай адамның өзі де өкінеді ғой, ал енді бүткіл өмірі қасіреттен, қайшылықтан тұратын адамның өкінішін өрнектеу кез-келген суреткердің қолынан келе қоймайды. Өнердің міндеті тәптіштеп түсіндіру емес, тіксіндіру, тұшындыру. Осы тұрғыдан назар қоныстатқанда Берік Шахановтың бағы жанған жазушы. Берік Шаханов шынында да өте қарапайым болды. Өмірде де, өнерде де осы принципінен айнымады.  Ол қарапайым өмір сүргенмен, бойында биік парасат, ұлы сезім бар еді. Талантты жастарды, талантты шығармаларды көрсе ерекше қуанып жүретін аяулы жан еді.
Іс-шараны: https://www.facebook.com/watch/live/?v=453147062779488&ref=watch_permalink сілтемесі арқылы онлайн көруге болады.
Ұйымдастырушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған «Парасат жолы» жобасы алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болатыны айтылды