«Халық заңгері» жобасы-іс жүзінде

20/02/20201min1330

«Халық заңгері» жобасы аясында өткен жылдың 17 қазан – 3 желтоқсан аралығында облыстың 10 ауданында қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Қабылдауда жұмыспен қамту, білім, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жастар саясаты мәселелері басқармаларының және көші-қон полициясы мамандары, халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері, «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ өкілдері және «Qorgau» құқықтық көмек беру жобасының заңгерлері қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Облыс бойынша 188 өңір тұрғындары қоғамдық қабылдаудан кеңестер алды. Оның ішінде 25 тұрғынның мәселесі оң шешімін тапты.
Атап айтқанда, 1 санаттағы мүгедектік санатын алу, көлік жүргізу куәлігін алу, көшені жарықпен қамтамасыз ету, жол жабындысын қалыпқа келтіру, үйді жылумен қамтамасыз ету және жұмысқа орналасу сияқты мәселелер қамтылды.
Сонымен қатар, өткен жылдың 22 қарашасында «Халық заңгері» акциясы бүкіл республика бойынша біріңғай өткізілген.
Тараз қаласында бұл акция «Март» сауда кешенінде өткізіліп, іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы және 50-ден астам мемлекеттік орган қызметкерлері, адвокаттар, заңгерлер және кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңір тұрғындарына заң төңірегінде барлық сұрақтарға жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.
Сол күні облыс бойынша 627 өңіріміздің тұрғындары қоғамдық қабылдаудан кеңестер алды.
«Бұл жобаның маңыздылығын ескере отырып, ағымдағы жылы жалғасатынын хабарлағым келеді. «Халық заңгері» акциясы Тараз қаласы Айтиев көшесі 40 мекен жайы бойынша жаңадан іске қосылған «Antikor ortalygy» ғимаратында жоспарға сәйкес өткізіледі. Өткізілу мерзімі жайында біздің әлеуметтік желідегі парақшаларда алдын ала хабарландыру берілетін болады», деп атап өтті, Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев. Басты мақсат осы науқан арқылы — халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат келіп, заңгерлік қоғамдастықтың өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында адвокаттар, нотариустар және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *