Таңдаулы жаңалықтар:

Әл-Фараби Ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Кезекті қабылдау кезінде қаламыздың сәулет және құрылыс саласына еңбегі сіңген профессор Ақболат Ахмедов ағамыз өзі жазған кітаптың 6 данасын табыс етті.

-Өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып жазған «Вспоминая прожитую жизнь» атты кітабымды сіздерге сыйға тартуды жөн көрдім. Мұнда халықпен жұмыс істеу кезінде қажетті пайдалы кеңестер мен өз басымнан өткізген оқиғаларды түсірдім. Сіздердің кәделеріңізге жарайды деп үміттенемін. Ізденуден, ел үшін еңбек етуден шаршамаңыздар,- деді Ақболат Райымбекұлы.

Содан соң аудан азаматтары алаңдатқан мәселелерін қозғап, түрлі сауалдарын жолдады.

 

Байтұрсынов көшесінің тұрғыны Сейтбекова Қалжан ауласына балалар және спорт алаңшасын салып беруді сұрады. Алдағы уақытта онда зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық құжаттары әзірленеті айтылды.

Ал Красикова Наталья кәсіпкер көршісінің арыққа заңсыз бөгет қойғандығын айтып шағымданды. Аудан әкімі орынбасарына дүкеннің иесімен тілдесіп, заңсыз іс-әрекетінің дұрыс еместігін түсіндіруді жүктеді.

Жеке қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның уәжін мұқият тыңдап, аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына оңтайлы шешімін табу бойынша тапсырма берді.

Әл-Фараби ауданына қатысты кез-келген мәселені заң аясында шешу маңызды.

Айта өтейін, Әл-Фараби ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша айына 2 рет бейсенбі күндері қабылдаймын. Азаматтар әкімдікке келіп алдын ала жазылуы тиіс.