Таңдаулы жаңалықтар:

КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ: ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАРДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА - Zau.kz

Ауданда кезекті сенбілік жұмыстары “Күншығыс” шағынауданы аумағында жалғасты. Тазалық шарасында көпқабатты тұрғын үй аумағындағы ирригациялық арықтардың күзгі,қысқы жауын-шашын маусымында су басудың аладын алу мақсатында, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен мердігер мекем “ЛТД Турмыс” ЖШС-ы тарапынан 10 техника және 50-ге жуық жұмысшылар қатысты.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Құрметті тұрғындар! Су басудың алдын алу — жалпы халықтың міндеті! Өз үйіңіздің жанындағы ирригациялық арықтарды тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан уақытылы тазалап, санитарлық жағдайын сақтауға шақырамыз!