Таңдаулы жаңалықтар:

«КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұржан Күнедбай және Шымкент университетінің студенттері қатысты.

Аталмыш шара барысында бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – дін саласындағы түрлі діни ағымдардың қаптап кетуі. Қазіргі таңда кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарға ерекше әсер етіп, адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп ұдайы адастырумен келетіндігі жайлы айтылды. Сондай-ақ теолог маман мен студенттер арасында сұрақ-жауап алмасып, жастар да өз ойларымен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *