Таңдаулы жаңалықтар:

«КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ - Zau.kz

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш шараға Шымкент қаласының Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог мамандары Ерболат Айнабек , Шымкент қаласы бойынша «Ақ ниет – ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Дәлелхан Оспанов қатысты.

Түсіндірме жұмыстары Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттеріне жүргізілді.