Таңдаулы жаңалықтар:

Келестік диқандар жылына үш рет өнім алуда

25/01/20211min1380
Келес ауданының диқандары 1 мың гектардан астам алқапта озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 рет өнім алуды жүзеге асруда. Бүгінде 200-ден астам жоба өз жұмысын бастаған. Бір айналымнан 30 мың тоннаға жуық өнім өндірілсе, екінші рет одан да артпақ. 30 мың тоннадан астам бақша және көкөніс өнімдері өндіріліп, дихандардың табыстары еселенді.
Осылайша Келес ауданының шаруалары жылына бірнеше рет өнім алу жобасын тиімді қолдауда. Қолайлы климатты ұтымды пайдалануды мақсат еткен диқандардың бірі Келес ауданы Ұшқын ауылдық округіндегі Бердалы Сыдықбаев өзіне тиесілі 2 га жеріне өнімнің әр түрін егіп, пайдасын көруде.
«Алдыңғы қатарлы технологияны қолдана отырып жылына 2-3 өнім алу жобасын биылғы жылы өз жоспарымызға сәйкес орындап, ойдағыдай өнім жинадық. Шымкент қаласынан келген ғалым Б.Қалымбетовтың аудан аумағында ұйымдастырылған семинар кеңестеріне барып, өзімізге қажетті тәжрибені үйреніп, практикада қолданудамыз. Ендігі бізге керегі бұрынғы Совет одағында болғандай МТС құрылса, жұмысымыз біршама жеңілдер еді»,- дейді шаруа.
Ол өткен жылы егістік алқабында ең алдымен ерте пісетін қырыққабат, екінші егінге қызыл бұрыш, болгар бұрышы және картоп сынды ыстыққа төзімді көкөніс түрлерін еккен. Үшінші өнімге суыққа төзімді қырыққабат егіп, бағаның бағамына қарап, табысқа қол жеткізуді көздеп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі