Қазынашылық-Клиент жүйесі туралы не білеміз?

Республикамыздың тарихындағы жаңа дәуір тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап саналатын болса,сол тәуелсіз елдің жас тарихындағы жасампаз жаңалықтар мен ауқымды реформалар кезеңі жаңа елордаға қоныс аударудан бастау алады. Мұндай сабақтастық астанасын ауыстырған елдердің бәріне тән,астананы ауыстыру-сол елдің тарихында жаңа белестерге жол ашқан. 1995 жылы Ақмола қаласындағы орталық жоғары мемлекеттік ұйымдарды қайта құрылымдау басталды. Осы кезде жас елордаға Қаржы министрлігі де қоныстанды. 1997 жылы 19-шы желтоқсанда Алматы қаласынан Ақмолаға Қазынашылық комиетінің 48 қызметкері көшіп келді. Алғашқыда Қазынашылық  Департаменті  бұрынғы «Каздорпроект» институтының ғимаратына орналасты. Ал 1999 жылдың желтоқсан айында Қазынашылық Комитеті Министрлік Үйінің жаңа ғимаратына көшті.

       Уақыт өте келе Қазақстандағы бюджеттік реформалар жұмыс істеп тұрған қазынашылықтың жүйесін қайтадан модернизациялау қажеттіліктері туындады.

2003 жылы біріңғай ақпараттық ортаны қалыптастыру мақсатында, қазынашылық органдары ORACLE бағдарламасы негізінде жасалған жаңа ақпараттық жүйеге көшті.Жаңа жүйе қаржылық-экономикалық шешімдерді дұрыс қабылдауды және мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейде атқарылуын бақылау әрекеттерін жүргізеді.

ORACLE бағдарламасы ел Президенті қойған басты мақсатты қамтамасыз етуге – мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруға бағытталған функционалдық сипаттамалар кешенін білдіреді. Жаңа жүйе барлық деңгейде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына пәрменді бақылау жүргізуге негізделген қаржылық-экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Жүйе нақты уақыт режимінде бюджет қаражатын аударуды белгілейді, олардың нысаналы мақсаты бойынша жұмсалуын бақылайды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ережесі қабылданды. Ережеге сәйкес ҚР Қаржы министрлігі орталық аппаратының кейбір міндеттері Қазынашылық коимитетіне берілді.

2004 жылдан бастап республикамыздың барлық өңірінде Қазынашылықтың бірегей ақпараттық жүйесі енгізілді (ҚБАЖ).

2011 жылдың мамырында Қазынашылық-Клиент жүйесі тәжірибе ретінде іске қосылды. Көптеген сарапшылар Қазақстанда ТМД бойынша үздік заманауи интеграцияланған қазынашылықтың ақпараттық жүйесі қалыптасқандығын атап өтті. Бұл жоба , жоба жетекшілерінің жоғары бағасына ие болды. Ақпараттық жүйенің моделі бірегей деп танылып, Қазақстандық тәжірибе басқа елдерге таратуға болатын модель ретінде ұсынылды.

Қазіргі таңда көптеген сарапшылар Қазақстанда ТМД елдерінің ішінде ең үздік Қазынашылықтың заманға сай біріктірілген ақпараттық жүйесі құрылғанын мойындайды. Қазынашылық жүйесін жаңғырту бірегей үлгі болып танылды және Қазақстанның тәжірибесін басқа елдер арасында тарату мүмкіндігі үшін әлеуетті үлгі ретінде ұсынылды.

2012 жылыдан бастап қазынашылық органдары квазимемлекеттік сала субъектілеріне қызмет көрсете бастады. Бұл бюджет қаражатын дұрыс және мақсатты жұмсауды бақылауға алуға мүмкіндік берді.

2013 жылдың шілдесінен бастап қазынашылық органдарында жергілікті  өзін-өзі басқарудың шоттары ашылып,оларға қызмет көрсетіле бастады.

Қорытындылай келе, жаңа қазынашылық жүйенің міндеттеріне мемлекеттік мекемелер болжайтын және жүзеге асыратын барлық қаржылық операцияларды есепке алу және олардың орындалуын нақты бақылау кіреді.

Рақым Мыңбаев,  Жамбыл облысы бойынша қазынашылық  департаментінің басшысы                                                     

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru