Қажылыққа бір жылда 8 миллион мұсылман барған

Меккеге қажылық жасау үшін дүние жүзінен жыл сайын 5 миллионға жуық мұсылман барады. Ал, қажылық жөнінен 2012 жылы рекорд орнап, Меккеге сол жылы барған мұсылман саны 8 миллион  адамды құраған. Бұған 1,7 миллион қаланың өз тұрғындарын қосыңыз. Тау ішінде орналасқан шахарда осыншама адамның жүріп тұруына, құлшылық етуіне, азық- түлікпен қамтамасыз етілуіне толық жағдай жасалып отыр.

Меккедегі ең қасиетті орын «Əль – Харам» мешітіндегі қасиетті Қағба болғандықтан, жұрттың барлығы да ондағы зəмзəм судан дəм татады. Зəмзəм суы мешіт ішінде де, сыртында да ағып жатыр. Ол əлемдегі ең таза əрі пайдалы су деп есептелген.

Бір таң қаларлығы зəмзəм судың дүниенің түкпір — түкпіріне таралуында.

Мəселен: Меккеге барған кез келген адам кемінде он литрден өз еліне зəмзəм судан алып кетеді. Сонда Меккеге барған 8 миллион  адам қанша литр су алып кетті өзіңіз есептей беріңіз.

Сонымен қатар, Меккеде сырттан адамдар келсе біздегідей қымбаттап кететін баға жоқ. Жыл сайын миллиондаған адам барса да, азық — түлік бағасы сол қалпында қалады.

Тағы бір айта кетерлігі үлкен қажылық кезінде Меккеге барған əр мұсылман бір — бір қойдан құрбандық шалдырады. Сонда 5 миллион  адам барса, 5 миллион  қой сойылады. Оның миллиондаған тонна еттерін ыстық күнде бұзып алмай Африкадағы кедей елдерге қайырымдылыққа жібереді.

Себебі, Мекке Қызыл теңізден 80 шақырым жерде ғана орналасқан, ал Қызыл теңіздің арғы бетіндегі Эфиопияда миллиондаған адам аштықтан қырылып жатыр.

Мекке қаласы ұзақ жылдар құрма сатудан, қажылыққа келген адамдардың пайдасынан өмір сүріп келді. Алайда, оның жерінен мұнайдың пайда болуы қазір бұл мұқтаждықтан арылтты.

Қазір қажылықтан жыл сайын 100 миллион  доллар табыс түссе, Арабтар оның 50 миллионын құлшылық етушілердің өзіне жұмсайды.

Мекке əлемнің ең ыстық қалаларының бірі. Мұнда жазда 60 градусқа дейін ыстық болады. Тіпті, мұнда 60 градус ыстық болмаса құрма жемісі толық піспейді екен.

Мешіт ішінде видеоға түсіруге тыйым салынады. Мұнда ұрлық дегеніңіз атымен жоқ. Кез келген нəрсеңізді қойып кеткен жеріңізден табуға болады. Мекке қаласында үй жануарынан ит атымен жоқ, есесіне қалада мысық көп. Ешкі мен түйе жануарын да көп кездестіресіз. Қазір бұрынғыдай қажылыққа ешкім есекпен бармайды. Тек, Мекке маңындағы елді мекен тұрғындары ғана түйемен қажылыққа баруы мүмкін.

Мекке бұл таудың ішіндегі шөп шықпайтын тастақты жерде тұрған қала. Бірақ, осыған қарамастан оны Арабтар қолдан гүлдендіріп отыр. Мекке қаласы бюджетінің 50 пайызы көгалдандыруға бөлінсе, қалған 50 пайызы басқа салаларға бөлінеді екен…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru