Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданына Ұлттық халық санағын жүргізу науқанында үлкен жауапкершілік артылып отыр. Себебі аудан халық тығыз орналасқан, адам ағыны көп қаланың орталығы болып табылады.

Тұрғындардың ұлттық санаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында аудан аумағында дыбыстық хабарлама ұйымдастырылды. Арнайы көлік дабыл дыбысымен азаматтарды санақтан өтуге шақырды. Қазір Ұлттық санақтың екінші кезеңіне сәйкес азаматтар онлайн форматта санақтан өтіп жатыр, яғни қала тұрғындары 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өте алады.

Сайт тәулік бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылды. Онлайн санаққа қатыса алмағандар 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.

Бүгінде Әл-Фараби ауданындағы нысандарды толық қамту үшін 29 учаскеге бөлініп, 265 нұсқаушы-бақылаушы және 186 интервьюер жұмыс атқаруда. Барша азаматтарды санақта белсенділік танытуға шақырамыз. Қазақстанда әркім маңызды

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *