Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылғандай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа бастамалары

09/10/20201min520
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Жамбыл облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаментінде Облыстық жергілікті әскери басқару органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын-алуға бағытталған кеңес өткізілді.
Бұл кеңеске Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысып, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, әскери прокуратура, әскери полиция және басқада құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды.
Кеңесте Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылғандай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа бастамалары, соның ішінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілді.