Қайырымды істен прокурорлар да қалыс қалмады

Адамға ізгілік жасау – сауапты іс. Әсіресе, жаны қысылып, қиындыққа кезіккен пенделерге қол ұшын берудің сауабы мол. Ауданымызда қайырымдылық жасаудың тағылымын түсінгендер де аз емес.
Осындай ізгілікті істің бірі бүгінгі аудандық прокуратура ұжымының жасаған тірлігі болды.
Олар 13 жылдан бері пәтерден пәтерге көшіп, 5 баласымен арпалысып жүрген жалғыз басты Гүлмира Жаңбырбаева есімді анаға тосын сый жасады.
Ұжым болып ойласып, өзідеріне берілген қызметтік үш бөлмелі пәтерді Гүлмираға пәтер кезегі келгенше уақытша тұруға берді.
Гүлмира Жаңбырбаева:
-Атаулы әлеуметтік көмекке де іліктік. Енді жалдамалы пәтерден пәтерге де көшіп жүрмейтін болдық. Бала шағамның қажеттіліктерін алып бере алатын болдым. Теледидар, газеттерден облысымыз бойынша игі істер атқарылып жатқанын көріп жүрміз. Осы сәтті пайдаланып облыс басшысы Асқар ағамызға, прокуратура ұжымына шексіз алғысымды білдіремін.
Сіздерге Алланың нұры жаусын. Балаларым қуаныштан секіріп кетті,-деп көзіне жас ала отырып, жүрекжарды ойын білдірді. Ал, үшінші перзенті алты жасар Шынар болса енді өз үйіміз бар деп Урралап сүйіншілетіп далаға қарай жүгіре жөнелді.
Риясыз көңіл, қуаныш үш бөлмелі үйді нұрға бөлегендей.
Тұңғыштары егізектер Шапағат пен Нұрқанат та аналарының қуанышты жүзін көріп, үш бөлмелі пәтерден өздерінің бөлмелелерін таңдап әлек. Міне, бас-аяғы бір ай ішінде, қасиетті рамазан айында рухани жаңғыру бағдарламасы «1 отбасы, 1 пәтер» аудандық жобасы аясында ауданымызда төрт бірдей отбасы баспаналы болып қуанышқа бөленді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.