Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАЙЫРЫМДЫ ІС ИГІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалына қарасты «Бадам» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжайна Жартыбекова сабақ болар сауапты іс жасады. Ол қаладағы №3 және №4 балалар үйіндегі 150 бүлдіршіннің Түлкібас ауданындағы «Машат» балаларды сауықтыру орталығына сергіп қайтуына ұйытқы болды.
Сонымен қатар «DALA FRUIT» ЖШС-нің басшысы Болатбек Әлиев Шымкенттегі мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған көпбалалы отбасылар мен «Машаттағы» балаларды сауықтыру орталығына өзінің серіктестігіне тиесілі егістік алқаптан жаңа піскен қауын-қарбыз өнімдерін тең-тең ғып жеткізіп берді.
Аталған шаралар партияның «30 Қайырымды іс» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында жүзеге асты.