Каспий теңізі қанды-қызыл реңкке боялды
Каспий теңізі қанды-қызыл реңкке боялды.
Әлеуметтік желілерде Қызыл түске боялған Каспий теңізінің суреті тарады. Теңіздің ерекше көрінісі өңірдің тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмады.
Маңғыстау облысының экологтары Каспий теңізінде қызыл бояудың пайда болуынан кейін су үлгілерін алып, химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің бар-жоғын тексеру үшін талдау жүргізіп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады.