Қашықтықтан оқыту қалай жүргізілмек?

Сарысу ауданында алдағы жаңа оқу жылында қашықтықтан жұмыс жасайтын 9 мектепте 1-4 бастауыш сыныптарда кезекші сыныптар ашылатын болады. Кезекші сыныптардағы оқушылар саны 10-15 баладан болады. Кезекші сыныптарға балалар ата-ана өтініштері негізінде ата-аналары жұмыс істейтін, баласын үйде қадағалайтын ешкімі жоқ отбасы балалары қабылданады. «Кезекші сыныптарға» оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі.

Балаларды оқытуға арналған өтініштер ата-аналардан қолжетімді байланыс құралдары арқылы 2020 жылғы 15-24 тамыз аралығында электронды түрде қабылданады.

«Кезекші сыныптарға» қабылдау жалпы білім беретін мектеп директорының бұйрығы негізінде  2020 жылғы 25 тамызда жүзеге асырылады.

Бұл кезекші сыныптардың жұмысы санитарлық эпидемиялогиялық талаптарды қатаң сақтап, балалардың ара қашықтықтығын сақтап жұмыс жасайтын болады.  Оған 9 мектепте 95 кезекші сыныпта 1298 оқушы келеді деп күтілуде.

Келесі кезекте осы қашықтықтан оқитын 9 мектептегі оқушыларды компьютерлік техникалармен және интернетпен қамтамасыз ету.

Қашықтықтан оқытылатын 9 мектепте жалпы отбасы саны 2542, ондағы қашықтықтан оқытылатын оқушылар саны 5897. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген 502 отбасыда 1070 оқушы бар.

Сонымен қатар 954 отбасыда  компьютер техникасының бар екені нақтыланып отыр. Бұл 2111 оқушыны немесе  37,5 пайызды құрайды.   1588 отбасында компьютер  техникасының  жоқ екендігі анықталған.  Бұл 62,5 пайызды құрайды.  Сондай-ақ 766 отбасы интернет желісіне қосылған. 1776 отбасының  интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ.

Қазіргі таңда аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына, ерекше білім беруді қажет ететін және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 529 отбасыдағы 690 балаға мектептің балансында тұрған компьютерлік техникалардан 529 компьютер, моноблок, ноутбуктер уақытша пайдалануға таратылып берілді. 7 мектептегі интернеті жоқ 336 отбасыға роутер құрылғысы сатып алынса, 2 мектептегі 44 отбасыға «Транстелеком»  интернет желісін тартатын болады.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқитын мектептерге «Дарын» онлайн платформасына қосылу үшін келісім шарт жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru