Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ҚАБЫЛДАНДЫ - Zau.kz

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы әкімдігінің биылғы жылы атқарған жұмыстарының есебі шеңберінде бірқатар нысандарға арнайы барып, берілген тапсырмалардың орындалу деңгейін қадағалады.

Қала басшысы ауданның қысқы кезеңге дайындығын, аулаларда қолайлы орта қалыптастыру, ойын алаңшаларын орнату тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Жиынында аудан әкімі А.Аликуловтың есепті баяндамасын талқылады. Ауданда индикаторлық көрсеткіштер толығымен орындалған.

Салық түсімі 114 пайызға немесе 1,3 млрд. теңгеге артығымен орындалып, 10,9 млрд. теңгеге жеткен.

Инвестициялық саясатты ілгерілетуде 26 млрд. теңгелік 132 жоба жүзеге асты.

Ауыз су жүйелері бойынша Көмешбұлақ магистралдық желісі жыл соңына дейін іске қосылады. Ішкі орамдық жүйелер бойынша 6 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 91,8 пайызға жетті.

Электр қуатының сапасын арттыруда 5 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Қайнарбұлақ елді мекеніндегі жұмыстар 2022 жылға өтпелі. Қамтылу көрсеткіші биыл 93 пайызға жеткізілмек.

Табиғи газ тарту бойынша 4 нысанда – құрылыс, 1 нысанда – жобалау жұмыстары жоспарланып, биыл аяқталады. Жыл қорытындысымен газбен қамту көрсеткіші 85 пайызға жетеді.

Кәріз жүйесі бойынша 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталған. Аяқталуы келесі жылға жоспарланған.

Жол құрылысы саласында 38 көше орташа жөндеуден өткізілді. 37 көше күрделі жөндеуден өткізілуде. Жалпы ұзындығы 62 шақырым болатын 6 елді мекеннің ішкі көшелеріне тас төселді.

▪️19 көшеге жарықтандыру жүйелері орнатылуда.

▪️Көпшілік жүретін орындарға 150 орындық, 400 қоқыс жәшіктерін орнатылмақ.

▪️15 көпқабатты тұрғын үйге ортақ 7 аулада және Өтеміс тұрғын алабында абаттандыру жұмыстары атқарылып, тұрғындар игілігне берілді. Оның ішінде 4 аула мен 1 елді мекендегі абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде жүзеге асқан. 39 тұрғын үйге тиесілі 21 аулада абаттандыру жұмыстары осы айдың ішінде толығымен аяқталмақ.