Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Ауа-райына байланысты Қаратау ауданында жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді.

Ауа-райы қолайлы кезде жасыл желектер аптасына екі-үш рет 5 суару техникасымен суғарылса, күннің қатты ысуына байланысты бұл жұмыстар күшейтіледі. Яғни, кешкі және түнгі уақытта 20 суару техникасы жұрмылдырылады.

Аудан аумағындағы көгалдандыру жұмыстарын мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС жүргізеді. Сонымен бірге серіктестік көгалдардың арасын қоқыстардан тазарту, топырақты қопсыту және қураған бұталарды кесу жұмыстарын да жүргізеді.