Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАРАБАСТАУ “ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС” АУМАҒЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ - Zau.kz

Шымкент қаласындағы Қарабастау тұрғын алабының Жаңа құрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды. Елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы қараша айында басталған болатын.

Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді.

Нысан жуырда пайдалануға берілді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *