Кандидаттар «Жайлау» тұрғындарымен кездесті

Бүгін Тараз шаһарында сайлауалды үгіт-насихат шаралары аясында Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Жанар Орынбаева, Тараз қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Минура  Божымбаева мен Жасұлан Бүлдеш «Жайлау» мөлтек ауданының 13 және 14 үйлерінің тұрғындарымен жеке кездесу өткізді.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылдыққа сайлауалды бағдарламасын таныстырып шықты.

– Облыс тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы халықты сапалы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз етеді. Көшелер мен аулаларды абаттандырылып, тұрғындар үшін қолжетімді инфрақұрылым жасалады.

Ол үшін Тараз қаласында М-1 жылу магистралін қайта жаңартылып,  Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы орталық қазандықты қайта жаңғарытылып,  2025 жылға 1,1 мыңнан астам көп қабатты үйлерді қамтитын 510 ауланың аумағын абаттандыруға,   «Жасыл экономика» шеңберінде 2022 жылы жалпы қуаты 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша тағы 4 жобан аяқталады. Қабылданған шаралар 3 мың облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады, — деді кандидаттар.

Сонымен қатар тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылу және ыстық су мәселесіне қатысты сұрақтар көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.

Өз кезегінде тұрғындар партияға деген шынайы қолдауын білдіруге дайын екенін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *