Таңдаулы жаңалықтар:

Кандидаттар белсенділермен бас қосты

Бүгін «Nur Otan»  партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабының мүшелері шаһардағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып,  азаттық жолында жанын пида еткен ерлердің рухына тағзым етті.

Сонымен қатар  партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасының Мәжілісінің және қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар жұртшылықпен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында партияның Сайлауалды бағдарламасы туралы жан-жақты мәлімет беріліп, алдағы сайлаудың мән-маңызы туралы айтылды.

-Ата-бабаларымыздың арман-аңсары болған азаттық- біздің баға жетпес байлығымыз. Сондықтан да еркіндік пен егемендікті көздің қарашығындай сақтап, мемлекеттің іргетасын нығайту-әрбіріміздің азаматтық парызымыз болуы тиіс. Елбасы, «Nur Otan»  партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Ендігі міндет-стратегиялық мақсаттарды одан ары жүйелі жүзеге асыру. Бұл тұрғыда партия ауқымды Сайлауалды бағдарлама әзірлеп отыр. Онда өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер қамтылған. Біз бүгін партия жақтастарымен және қоғам белсенділерімен кездесе отырып, осындай оңды бастамалар жөнінде әңгіме өрбітудеміз,-дейді «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Батырбек Құлекеев.

Жүздесу барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гулам Умаров еліміздің татулық пен тұрақтылықтың арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін айта келіп, жиналған азаматтарды саяси құрылымның баянды бастамаларын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *