Кандидаттар Аққұмда «Есіктен есікке» акциясын өткізді

30/12/20201min1430

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Е. Әнетбаев, Т. Капсаланов пен Ү. Битенова сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін Аққұм ауылында “Есіктен есікке” акциясын өткізді. Үй үйді аралап халықпен ашық диалог жүргізген үміткерлер тұрғындарға “Nur Otan” партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауданды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынын жеткізді.

Сонымен қатар бұл ретте ел еңсесін түсірмей, экономикамыздың тұрақтылығын тербетіп тұрған алтын бесік- ауылдың да жағдайы назардан тыс қалмайтынын қазықтай қадап айтты. Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Nur Otan» партиясы 2021 жылы Ойық пен Аққұм ауылдарында 2 ауылдық өндірістік кооператив құру арқылы 12%-дан астам өзін-өзі жұмыспен қамтылған халықты тартуға және 2021-2023 жылдар аралығында «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорын теңгеріміндегі ұзындығы 220 км-ді құрайтын ауданның 41 суару жүйесін «Азия Даму Банкі» арқылы 3,3 млрд.теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу есебінен Ақкөл, Аққұм, Бостандық, С.Шәкіров, Кеңес, Үшарал ауылдарында  9,3 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіруге ықпал ететіндігі мәлімделді.

«Nur Otan» партиясы Талас аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді