Кандидат әділ таңдау жасауға шақырды

Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылының «Бекен» шаруа қожалығында облыстық маслихат депутаттығына үміткер Жұмахан Танкебаев санитарлық талаптарды сақтай отырып сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында тұрғындармен экспромт кездесу өткізді.
Аталмыш шарада сайлауалды бағдарламасын түсіндірумен қатар партияның алға қойған мақсаттары мен жоспарларын тиянақтады.
— Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу қорларының бірі болып табылады. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті. Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру есебінен «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің кемінде 250 жаңа жобасына жыл сайынғы қаржылық қолдау көрсетуге, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында кемінде 35 жобаны іске асыруға және 2,6 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіруге, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде кемінде 20 басым жобаны жыл сайын қаржыландыруға және іске асыруға, Екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға кәсіпкерлерге несие беру тетіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қолданыстағы субьектілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді, ШОБ жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өседі, — деді Жұмахан Танкебаев.
Сонымен қатар облыстық маслихат депутаттығына үміткер сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Nur Otan»  партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *