Қанат қақты жоба қарқын алды

«Көктемнің бір күні – жылға азық» деген аталы сөзді мұрат тұтқан, былтырғы қанат қақты пилоттық жобаның тиімділігін сезінген Сарысу ауданының диқандары дала төс­кейіндегі қауырт қимылға кірісіп те кетті. Жалпы аудан бойынша 21мың 128 гектар жерге 3 мың 150 гектар бидай себілген.


Оның 4600 гектарына жаздық арпа, 1000 гектар суармалы жеріне 7220 гектар мақсары, 40 гектар картоп, 230 гектарына көкөніс,300 гектарына бау-бақша, 4798 гектарына жалпы көпжылдық жоңышқа,мұның 860 гектары биыл егіледі. Ал, 1487 гектар жер жаңартылып, демалдырылуда.
Жамбыл облысында ауылдықтардың кірістерін арттыруға арналған пилоттық жоба қарқын алуда. Оның аясында Сарысу ауданының мал өсіру, егістік егу жоспарланған.
Негізгі шарт – ынтымақтастыққа қатысу және жеке учаскелерді тиімді пайдалану. Жеңілдетілген несие алып, пилоттық жобаның қатысушылары мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысу.
Ауылдық тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған пилоттық жоба бойынша бүгінгі күнге ауданда 275 адам 752 млн. теңге несие алды.
Осы пилоттық жоба аясында «Саудакент-2019» кооперативінің төрағасы Айтбаев Бегайдар Бақтиярұлы 19 млн. 600 мың теңге несие алып, егістікпен айналысуда.
Үш жылдай егістік, мал шаруашылығымен айналысқан алты бала, немере сүйіп отырған Бегайдар мен жары Айтотының ойына аталмыш пилоттық жоба туралы естігенде ойына егістік алқабын кеңейтіп, жұмыс атқару келеді.
Содан бел буып, тәуекел етіп, құжаттарын реттеп, бүгінде несиеге қол жеткізді.
Жері шұрайлы, ауа-райы ерек Түркістан ауылдық округі, Жоннан бөлінген 315 гектар жерді жыртуды бастап та кетті. Екі күннен бері дала төсін дүбірге толтырған азамат 50 гектардан астам жердің жыртылғанын, қажетті жұмысшыларды жергілікті тұрғындардан алып жатқандығын айтты.
Жап-жаңа үш Белларус тракторлары мен техникалары жеткілікті. Қазірдің өзінде әрқайсысы жұмыс бағытына қарай 60-80 мың айлықтан алып отырған алты жұмысшысы бар екен.
Түркістан ауылдық округінен 20 шақырым қашықтықта орналасқан 315 гектар жерге арпа екпекші. Ал, егіс егу, жинау секілді науқан кезінде 20 дан астам адам жұмыспен қамтылады екен.
Балапанды күзде санаймыз демекші осы азаматтың Саудакент ауылында да суармалы жерді игермек екендігін естіп,тәнті болдық.
Суармалы 50 гектар жерге жоңышқа, 15 гектарына сүрлемдік, 15 гектарына дәндік жүгері себемін. Мамыр айында дегенінің мәнін сұрағанымызда өзге аудандарға қарағанда ауданымыздың ауа-райына байланысты 20-25 күн кеш басталатынын айтты. Саудакент ауылында да 20-25 адамды аусымдық жұмыспен қамту мүмкіндігіміз бар дейді, — Бегайдар Бақтиярұлы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru