Таңдаулы жаңалықтар:

Қалғұтыда жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Жамбыл облысының шалғай аударының бірі Қордайдағы Қалғұты ауылында 180 орындық 3 қабатты жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақындап келеді. Кең кабинеттері, спорт және акт залдары, асханасы, стадионы қарастырылған жаңа білім ордасы инженерлік жүйелерге қосылды, енді ғимараттың ішін әрлеу жұмыстары қалды.

Ғимараттың ауласын абаттандыру жобасы бойынша көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын орнату, спорт алаңшасы мен жарық шамдарын жүргізу қарастырылған. Мұнда балаларға арналған түрлі секцияларды ашу көзделген. Қысқасы, жаңа мектеп оқушыларға сапалы білім беруге септігін тигізбек.

Жалпы, Қордай ауданы бойынша күндізгі білім беретін 48 мемлекеттік мектепте (оның ішінде: 1 – бастауыш, 8-негізгі, 39 — орта) 31525 оқушы және 3 бастауыш жекеменшік мектепте 246 оқушы білім алады. Аталған мектептердің 23-і мемлекеттік тілде, 2-і ресми тілде, 26-ы мемлекеттік және ресми тілде жұмыс жасайды.

Бұдан бөлек, аудан бойынша 71 мектепке дейінгі ұйымдар  жұмыс істейді. Оның ішінде 20 мемлекеттік  балабақшада 2750 бала, 42 жекеменшік балабақшада  4555 бала, ал 9 шағын орталықта 434, яғни барлығы 7739 бүлдіршін.

Бүгінгі таңда Қордай ауданындағы мектепке дейінгі тәрбиемен  3-6 жас аралығындағы балалар – 100 пайыз, 1-6 жас аралығындағы балалар – 97,6 пайыз қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жалғаса бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *