Таңдаулы жаңалықтар:

Қалада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде

Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Шараның ашылуына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова қатысып, жәрмеңке жұмыссыз жастардың санын азайтып, жұмыс іздеген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір мүмкіндік екенін атап өтті.

Жәрмеңкеге қатысқан 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер 9 мыңға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарын ұсынуда.

Басқарма басышысы қала тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша жұмыстар да ұсынылып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол мұнда жұмыс іздеушілерге қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесі беріліп жатқанын мәлімдеді. Аталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасатын болады.

Айта кетсек, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 18 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 2384-і жастар практикасымен, ал 102-і алғашқы жұмыс орны жобасымен жұмысқа жолданды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *