Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелері тыңдалды.

Кезекті жеке қабылдауда Б.Нарбекова әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді. Азаматтардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Басқарма басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Алдын-ала жазылуды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының кеңсе бөлімі (Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі, 89) 51 кабинетте жүргізіледі.