Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ | Zau.kz

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мыңбаев азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Аудан әкімі тұрғындарды қабылдап, өтініштері бойынша сауалдарға жауап берді.

Көтерілген мәселенің басым бөлігі, әлеуметтік атаулы көмектің қолданыстағы жүйесінің берілуінің өзгеруі, көшелерді жөндеу жұмыстары, коммуналдық мәселелер және ретсіз сауда жөнінде болды.

-ал, ретсіз сауда нысандарына келер болсақ, ол менің қатаң бақылауымда, жауапты басқарма мамандарымен бірлесе заң аясына сәйкес келмейтін сауда бағыты барысында біршама жұмыстар мен рейдтер жүргізіліп жатыр, — деді Әл-Фараби ауданы Рашит Мыңбаев.

Сондай-ақ, аудан тұрғыны өзі тұрып жатқан көшелерлердің бірінде санитарлық тазалық жұмыстары дұрыс атқарылмайтындығын атап, өз шағымын жеткізді. Аталған мәселе бойынша, аудан әкімі жауапты сала мамандарына ветеринариялық талаптарды сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Аудан әкімі алдағы уақытта келіп түскен шағымдарды өз қадағалауына алатынын жеткізді.

Егерде аудан әкімдеріне қандай бір уәж бен өтінімдеріңіз болса, өз аудандарыңызға қарасты әкімдікке алдын ала барып өтініш қалдыру қажет.