Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАЛА АУМАҒЫНДА 6 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ | Zau.kz

Шымкентте ауыл шарушылығы кооперативтерін дамыту мақсатында шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативтер құру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңға дейін қала аумағында жалпы құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтер саны — 52 болса, олардың құрамына 27 заңды тұлғалар мен шаруашылықтар, 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған. Өткен жылы мал шаруашылығы саласында «TURAN Agroproduct» АӨК және «SILK WAY SAYRAM» АӨК жаңадан іске қосылған.

Елді мекендерде жиналыстар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде 6 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. («SAIRAM CUT» АӨК, «Асия Агро» АӨК, «Салиев Аскар агро» АӨК, «Мейіржан агро» АӨК, «NUR AGRO» АӨК, «Бек-Тас Шым» АӨК). Сонымен қатар қала аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмыстары жандануда.

Жыл басынан аталған кооперативтерде өндірілген сүт көлемі 3 мың тоннаға жеткен. Бұл өз кезегінде жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілген өнімнің нарыққа шығуына зор үлесін қосты.

Қазіргі таңда аталған ауыл шаруашлығы кооперативтері қаланың сүт өндірісін ұлғайтуда. Өндірілген сүтке мемлекеттік қолау көрсетілуде. Атап айтқанда жыл басынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен аталған кооперативтерде өндіріліген сүттің 1 литріне 20 субсидия берілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *