Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ - Zau.kz

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданының қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын тексерді.

Ауданда басты 90 көше мен 992 ішкі орам көше, аяқ жолдар және аулаларды қардан тазалау жұмыстарын «Жасыл жер» және «Ақсемсер строй сервис» мекемелері жүргізеді. 54 арнайы техника және 350 жұмысшы дайындалды. 7 мың текше метр құм, 2 мың тонна тұз инертті материалдар қарастырылуда.

Әкім, ішкі көшелер мен аяқжолдар тазалығын жіті қадағалауды, құрал-жабдықтар, шеткі аумақтардағы тазалықшыларға жылы киім мен ас-су жеткізілуін қамтамасыз етуді айтып, жұмыстар барысында жолдарға зақым келмеуін қадағалау керектігін тапсырды.