Қ.Р. Президентінің жолдауынан туындайтын жаңа міндеттер

09/10/20201min160

2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қарқынды дамуының алдағы жолын айқындап бергені рас.

Аталған жолдауда көптеген салаларды қамтитын заңнамаларды жетілдіру шараларын жүргізу аталып кеткен, оның ішінде, шағын және орта бизнестің қызметін реттейтін жаңа нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу тапсырылған. Бұл мәселе мемлекеттік құрылымдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған.

2021 жылы мемлекеттік қызметкерлердің саны 25% қысқартылатынын және үнемделген қаражаттардың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтілетінін атап кеткен. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістердің ең бастысының бірі болып табылады.

Президенттің қоғам мен мемлекетті қорлайтын және беделін түсіретін жемқорлардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту, осы санатқа жататын сотталғандардың шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға тыйым салу және оларға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салу туралы ұсыныстарын жақтаймыз. Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын және марапаттайтын жүйе қалыптастыру қажет, бұл халықтың жемқорлыққа қарсы сана-сезімін арттыратын факторларға жататынын есептейміз.

Жолдауда мемлекеттік қызметі мен заңнамада әділдікті қамтамасыз ету және қоғам үшін барынша ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру байқалады.

Осыған орай, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатыны күмән тудырмайды. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту, осы саладағы сыбайлас жемқорлықты азайтатын басты шаралардың бірі болып табылатынына сенеміз.

2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есеп шотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу мәселесі, жемқорлық тәсілімен заңсыз иемденген қаражаттардың шетелге шығару мүмкіндіктерін жоюға бағытталған тиімді шараларға жатады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында 2021 жылдан бастап прокурорға адам құқығы мен бостандығына қатысты негізгі процессуалдық шешімдерді келісу міндетін заң арқылы жүктеу жөнділігі атап өтілді.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап Бас прокуратурамен барлық өңірлерде пилоттық жоба енгізу жоспарланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заң бұзушылыққа, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында, Департамент басшылығы, сондай-ақ Департамент тергеушілері пилоттық жобаны бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған қажетті шараларды қолданады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары С.Мустафин

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *