Қ.Р. кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген түзетулер

14/10/20201min140

Бүгінгі күні елде сыбайлас жемқорылққа қарсы саясат іске асыруда кешенді шаралары жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаларды жетілдіру, алдын алуды, ағартуды және қылмыстық-құқықтық сипаттағы жұмыстарды ұтымды үйлестіру ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шешуші өзгеріске қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесі 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 20 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң болды.

Аталған Заңмен 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді.

Осы Заң ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталған Заңды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Заңға енгізілген түзетулердің БІРІНШІ БЛОГЫ өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдар үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға, егер мұндай іс-әрекеттер қызметтік өкілеттіктерге кіретін болса немесе лауазымдық жағдайына байланысты оларға ықпал ете алатын болса, олардың іс-әрекеттері үшін сыйға тартушылардың пайдасына ұсынылатын қызметтерге толық тыйым салуды белгілейді.

Сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтар беруге тыйым салынған адамдар тобын депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, квазимемлекеттік сектор басшылары және олардың отбасы мүшелеріне кеңейтті.

Түзетулердің ЕКІНШІ БЛОГЫ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылатын тұлғаларға, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне жатады.

Түзетулердің ҮШІНШІ БЛОГЫ аясында квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының адалдығы корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл контексінде корпоративтік адалдық бизнесті параға сатып алудан және жұмыс пен қоғамның сеніміне нұқсан келтіретін басқа да сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болатындай етіп жүргізуді білдіреді.

Түзетулердің ТӨРТІНШІ БЛОГЫ бір мемлекеттік органда немесе ұйымда туыстардың жұмысын құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға бағытталған.

Түзетулердің БЕСІНШІ БЛОГЫ Мемлекет басшысының өткен жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілікті белгілеу туралы тапсырмасын орындау үшін қабылданды.

Заңмен Жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмысқа арандатқаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Түзетулердің АЛТЫНШЫ БЛОГЫ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін белгілейді.

ТҮЗЕТУЛЕРДІҢ КЕЛЕСІ БЛОГЫ әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер сияқты кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы болатын ерекше жағдайларды көздейді.

ТҮЗЕТУЛЕРДІҢ СОҢҒЫ БЛОГЫМЕН сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі.

Агенттік бастаған тағы бір жаңашылдық.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы ретінде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді.

 

Ә.Х.Әшірбаев Қ.Р. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы