Таңдаулы жаңалықтар:

КҮЗГІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - Zau.kz

Әл-Фараби Ауданына қарасты аулаларда санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Тазалық жұмыстарына жауапты «Нұреке Азия Бизнес» және «Айдынбек» ЖШС-ы мекемелері аумақта сарғайған жапырақтарды сыпырып, ағаштарды күзгі қырқу жұмыстарын атқарып жатыр. Сондай-ақ, ирригациялық арықтар мен көше жиектері де күл қоқыстан тазартылуда.

Жалпы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын жүйелі тазалау үшін аудан аумағы 7 секторға бөлінген. Тазалық жұмыстары механикалық тазарту және қол күшімен іске асырылуда.

Қала тұрғындарын және жеке кәсіп иелерін өзі тұратын үйінің (ғимараттың) айналасындағы қоқысқа атүсті қарамай, апта сайын сенбілік жұмыстарын жүргізіп тұруға шақырамыз. Қала тазалығына немқұрайлылық танытпайық!