Израиль мен Палестина: Жағдай қашан реттеледі?

Израиль мен Палестина төңірегіндегі Таяу Шығыс мәселесі екінші дүниежүзілік соғыстан бері шешілмей келе жатқан өзекті проблемаға айналды.

Палестина өзінің қазіргі территориясында Осман империясы кезінен бері тұрып келеді.

Ал, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинаға Британ мандаты берілді. Оның өзі қазіргідей шиеленіскен жағдайда емес еді. Ел өз бетінше тыныш өмір сүрді.

Алайда, мәселенің барлығы да екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Палестинаға АҚШ пен КСРО- ның тікелей араласуымен туындады.

Бұл державалар 1947 жылы бүтін бір Палестинаны еврейлер мен мұсылмандар еліне бөліп жіберді.

Ол қалай шықты? 1947 жылы Палестинадағы Британ мандаты толығымен аяқталды. Оның орнына қазіргі Израиль республикасы құрылды.

Ол Палестина жерінің шығыс бөлігінде орналасты.

Ал, Палестина жерінде тұратын мұсылмандардың барлығы Египет Араб республикасына бағынышты болды.

Сонымен қатар, бұрын Палестинаның батысында болған Трансиордан облысы 1950 жылы Иордания республикасы болып бөлініп шықты.

Қазір, Палестина мен Израиль арасын үлкен бетон қоршау бөліп тұр.

Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері Израильді тәуелсіз ел ретінде танығанымен, Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп мойындамайды.

Шекарадағы қақтығыс та жиі орын алатындығы сондықтан. Реті келсе, Израиль Палестина жерінің бәрін басып алғысы келіп отыр.

Жағдай қазір де мәз емес. Сол 1946 жылдан бері Израиль Палестинаны ығыстырып, жерінің 70 -80 пайызға жуығын алып қойды.

Бірақ, осыған қарамастан Палестинаның бой беретін түрі жоқ. Ол заңды да. Себебі, бұл жерлер бұрынғы Палестина территориясы. Израиль алғашында қонаққа келіп, кейін билеп кеткендердің мекені.

Екі ел арасындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге талай адамдар ат салысты. Өйткені, осы уақытқа дейін шекарада қанша қан төгілді.

Иордан өзенінің төменгі бөктеріндегі «Газа секторы» аймағы осы уақытқа дейін бірнеше рет Палестина жағына, бірнеше рет Израиль жағына өтіп келді. Бұл маңызды облысқа талас қашан да қызу жүрді. Алайда, 2005 жылдан бастап Газа аймағы түгелімен Палестиналық «Хамас» ұйымының иелігіне өтті.

Жалпы, Израиль мен Палестина арасындағы дау жақын күндері аяқталады деп айту қиын. Өйткені, Араб елдері Палестинаны қолдаса, АҚШ бастаған Еуроодақ Израильді қолдап отыр.

Ал, күні кеше екі ел арасындағы шекарада тағы да атыс болып, 9 адамның мерт болуы саясаткерлердің ойыны үшін түкке тұрмайды.

Израиль мен Палестина арасындағы жағдайды реттеуге екі тарап жағынан нақты ұсыныстар жоқ. Тек, әзірге БҰҰ тарапынан жыл сайын оларды татуластыруға кішігірім қадамдар жасалып қояды.

Дегенмен, Палестина тарихында оның жерін ұстап қалу үшін бүкіл өмірін сарп еткен азаматтар да болды. Олар бірінші кезекте Ясир Арафат пен Махмуд Аббас сынды көсемдер болатын…

 

Суретте: Израильдің Палестинаны жұту процесі…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru