«Ізгілік елшісі» жобасы- іс жүзінде

27/01/20201min1340

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов «Ізгілік елшісі» жобасы аясындағы әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысты.

Адалдық алаңы аясында «Ізгілік елшісі» жобасы жанында штаб ұйымдастырып және де ол штаб жанында мұқтаждар, демеушілер және еріктілер пулын құрылды.

«Ізгілік елшісі» жобасы жанындағы еріктілер тарапынан мемлекеттік орган және кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатылып 66 отбасыға сыйлық және материалдық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, демеушілердің арқасында «Камқор» әлеуметтік дүкені жұмыс жасап, аталған дүкенде еріктілер кезекшілікпен қызмет атқарып келеді. Еріктілер жинаған заттардың әлеуметтік дүкен арқылы желтоқсан-қаңтар айлары ішінде  246 азаматқа 762 келі киім кешек берілді.

Сонымен қатар, демеушілер арқылы және Департаментпен ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шаралары негізінде «Өркениет» қоғамдық қорының ұймдастыруымен  жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды грантқа түсу үшін қосымша оқу курсынан өтуге 8 оқушыға қолдау көрсетілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангледіұлы Шабдар пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов еріктілермен және қолдау көрсеткен кәсіпкерлермен сұхбат құрды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru