Таңдаулы жаңалықтар:

IV Республикалық «Менің кіші Отаным» конкурсының Республикалық кезеңінің қорытындысы - Zau.kz

«Дарын» Республикалық ғылыми — практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 3-5 қараша күндері, «Менің кіші Отаным» атты IV республикалық интеллектуалдық конкурсының Республикалық кезеңі Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай 9-10 сыныптар арасында Алматы қаласында, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында оффлайн форматта өткізілді.

Конкурсың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармшылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық потратизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Конкурсқа қалалық кезеңінің жеңімпазы атанған 4 оқушы қатысты.
1. «Менің туған өлкем» (эссе) жазу номинацисы бойынша №28 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Базарбай Ұлдана.
2. «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша №137 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Досай Бибінұр.
3. «Менің кішкентай Отанымның символы» номинация бойынша №90 дарында балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Абдухоликова Азизбек.
4. «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша №130 жалпы орта білім беретін мектеп 9-сынып оқушысы Кадир Алтынай.
«Менің кіші Отаным» конкурсының Республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша:
1. «Менің туған өлкем» (эссе) жазу номинацисы бойынша Білім және ғылым министірлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен, №28 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Базарбай Ұлдана марапатталды. Жетекшісі Айнакулова Айгерім Жумабековнаға Алғыс хат табысталды.
2. «Менің кішкентай Отанымның символы» номинация бойынша Білім және ғылым министірлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен №90 дарында балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Абдухоликова Азизбек марапатталды. Жетекшісі Табылдиева Айжан Темирхановнаға Алғыс хат табысталды.
3. «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Білім және ғылым министірлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен №130 жалпы орта білім беретін мектепінің 9-сынып оқушысы Кадир Алтынай марапатталды. Жетекшісі Рустемова Ақбота Алтынбаевнаға Алғыс хат табысталды.
Жеңімпаз атанған оқушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.