Таңдаулы жаңалықтар:

«IQ дода» зияткерлік ойыны өтті

30/11/20201min1480

2020 жылдың  20 қараша күні жастардың көшбас­шылық қабілеттерін арттыру, әділдікке үйрету, тапқырлығын шыңдау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының және «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында             «IQ дода» зияткерлік ойыны өтті.

Аталған сайысқа әрбір колледжден тек бір студенттен қатысып, бақтарын сынады.

«IQ дода» зияткерлік ойынының негізгі міндеттері

  1. Білім алушыларда парасаттылық мәдениет негіздерін қалыптастыру.
  2. Парасаттылық, адалдық ұғымдарын зерделеу арқылы білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Ойын технологиясы арқылы жастардың көшбас­шылық қабілеттерін арттыруға ынталандыру.
  4. Отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу.

Ойынға қатыссушылар келесі турлар бойынша сайынша сайысқа түсті.

 I тур «Танысайық кәне біз!»

(бұл турда  студенттер өздерін таныстырды)

II тур «Блиц — турнир»

(бұл турда сұрақтарға жауап берді)

 III тур «Ұлы тұлғалар»

(бұл турда берілген ұяшықтар таңдалды, Қатысушылар онда берілген тұлғаның кім екенін тауып, өмірі мен жетістігі туралы сипаттама берді.)

ІV тур «Ең көп сөз»

(бұл турда берілген сөз тіркесінен жаңа сөздер құрастыру тапсырылды).

V  тур «Егер де мен болсам…»

ұл турда әрбір студент, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіруге тырысты).

Ойын соңында қатсыушылардың көрсеткен нәтижелері бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталып, жеңімпаз студенттер грамоталармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *