Таңдаулы жаңалықтар:

ИГІЛІК ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Абай ауданы Игілік тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған болатын. Ауыз су құбырының ұзындығы – 85,9 шақырым. Құрылысты «СМК и 7 –Ж» ЖШС атқарды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі инженерлік-инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады. Бүгінде құрылысы басталған электр желілерінің жалпы ұзындығы – 25,4 шақырым. Медігер мекеме құрылысты биыл IV тоқсанда аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тұрғын алапта 13,4 шақырым 30 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары орындалды. Мердігер «Асфальт» ЖШС аталған жұмыстарды толығымен аяқтады.