Таңдаулы жаңалықтар:

ИГЕРУСІЗ ҚАЛҒАН ЖЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТ ТАРАПАТЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ - Zau.kz

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сәйкес, игерусіз қалған 1546 (алаңы 19888,5863 га) жер учаскелері анықталған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «электрондық үкімет» веб-порталының мәліметіне сай 403 (алаңы 11403,877 га) жер учаскелерінің меншік иелері шағын және микро кәсіпкер ретінде тіркелген.

Басқарма тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 13 (алаңы 276,36 га) жер учаскелерінің меншік иелері қайтыс болғаны анықталған. Сонымен қатар, 106 алаңға (446,8911 га) жер учаскесінің иелеріне 2018-2020 жылдар аралығында тексеру жұмыстары жүргізілген.

Қала аумағында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 1024 ( алаңы 1761,4582 га) жер учаскесінің ауданы 2 га асатын 107 жер учаскесіне тексеру жұмыстары жүргізілетіндігі туралы хабарландыру хаттар табысталып, келесі бағыттағы жұмыстар жүргізілу үстінде:

— ауыл шаруашылығы мақсатындағы 6 меншік иесі кәсіпкерлік мақсатындағы жалпы алаңы 303,3385 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды;
— 12 жер учаскесіне тексеру жұмыстарын жүргізіп 9 жер учаскесі алаңы 177,2821 га нысаналы мақсатына сай игеріліп жатқандығы анықталды.
— 3 жер учаскесі алаңы 15,4329 га нысаналы мақсатына сай игерілмей жатқаны үшін шара қолданып, 1 жыл ішінде заң бұзушылықты жою жөнінде тапсырма тапсырылды;
— 1006 алаңы 1480,1856 га жер учаскелері бойынша Заң талаптарына сай тиісті жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, қала әкімінің №153 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 4 аудан тарапынан 305 алаңы 3569,79 га жер учаскесіне шара қолдану туралы хаттар қаралу үстінде. Бөлім тарапына 26 алаңы 237,627 га жер учаскелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, 282 алаңы 3364,1402 га жер учаскесіне пошта арқылы қолма-қол хабарлама табыстау жұмыстары атқарылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *