Таңдаулы жаңалықтар:

«HALAL EXPO 2021» – Отандық және шет елдік кәсіпорындарға өз өнімдері мен қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін халал индустриясындағы ең үздік көрме.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы, Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе ұйымдастыруымен Шымкент қалалық «КӨРМЕ» орталығында өткізілетін халықаралық «HALAL EXPO 2021» жәрмеңкесіне әлемдік және Отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, халал индустриясындағы белді кәсіпорындар мен халықаралық сертификаттау органдары, дін қайраткерлері, мемлекеттік мекеме басшылары, зиялы қауым, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады. Сонымен қатар, көрме аясында зиялы қауым өкілдері мен дін ғалымдары, халықаралық сарапшылар баяндама жасады.

«HALAL EXPO 2021» көрмесінде азық-түлік, киім-кешек, косметикалық бұйымдар және тағы басқа тауарлар ұсынылды.

Қоғамдық тамақтандыру, кафе, мейрамхана, шаштараз және әсемдік салондар және басқа қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға мүмкіндік береді.