Таңдаулы жаңалықтар:

Головкин жапондық боксшыға шапанын жауып, белбеуін қайтарып берді

Головкин жапондық боксшыға шапанын жауып, белбеуін қайтарып берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберді.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда ол мерзімінен бұрын аяқталды. Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанып отыр.

Орта салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін оған сыйлық берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Головкин жеңіске жеткен соң рингте Муратаға шапан тарту етті. 

«Қарсыласыма құрметімді көрсетемін! Ол чемпион және солай болып қала береді», — деп жазды Головкин Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, чемпиондық белбеуін қайтарып берді.

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті. Онлайн режимдегілер үшін qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіледі.

Total Sport сайты бұған дейін Геннадий Головкин бұл кештегі жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алатынын жазды. Бұл шамамен 12-15 млн доллар. Еске салсақ, кеше «GGG» 40 жасқа толды. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады.